11:27, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда жол оқиғаларының салдарынан екі адам қаза болып, сегіз адам ауыр жараланды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен тәуліктерде Шығыс Қазақстан облысында екі жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан екі адам қаза болды, тағы сегіз адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, кеше кешке Күршім-Қалғұты-Теректі тас жолында Қалғұты ауылынан 6 шақырымдай жерде «ВАЗ-21114» көлігінің жүргізушісі «Ниссан-Премьера» көлігімен бетпе-бет соқтығысып қалды.
Ал алдыңғы күні Глубокое ауданының Зимовье селосындағы көпірде жол-көлік оқиғасы болып, апат орнында 46 жастағы жүргізуші қаза тапты. Мас болған жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, машина көпірден суға құлап кеткен.