Шығыс Қазақстанда жол үстінде келе жатқан аю видеоға түсіп қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде келе жатқан аю видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда жол үстінде келе жатқан аю видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде келе жатқан аюдың видеосы тарады.

Автор видеоның Катонқарағай ауданында түсірілгенін жазды.

Жолда жайбарақат жүрген жыртқыш аю көлікті көріп тоқтап, кері бұрылды. Бірақ көлікке шаппаған.

Желі қолданушылары аюдың осы уақытта қысқы ұйқыда болуы керектігін жазып жатыр.

Оның аш болуы мүмкін екендігін, жаяу жүргіншіге қауіп төндіретінін де ескертіп жатқандар бар.

Еске салсақ, осы жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында аю малға шапқан болатын.

Оқиға орнына барған комиссия мүшелері жануар терісінің қалдықтарын, кемірілген сирақтарын тапқан.