Шығыс Қазақстандағы ауылда екі адам иіс тиіп, көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тарханка ауылында иіс тиіп, қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тарханка ауылында 1929 жылғы әкесі мен 1963 жылғы қызы иіс тиіп, қаза тапты. Қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың салдарынан болған. Үйдің пешіндегі жапқыш улы газдың шығуына кедергі келтірген», - делінген ведомствоның хабарламасында.
ШҚО ІІД азаматтардан жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұрайды.