Шығыс Қазақстандағы ауылды су басқаны туралы ақпарат жалған - ТЖД

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауылды су басып жатқаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстандағы ауылды су басқаны туралы ақпарат жалған - ТЖД

Бүгін әлеуметтік желіде Ұлан ауданы Горняк ауылын су басып жатқаны туралы видео тарады.

Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бұның шындыққа жанаспайтындығын мәлім етті.

«Бірде-бір үйді су баспады. Ауыл тұрғындарынан су тасқыны туралы хабарласқан ешкім болған жоқ. Қазір аймақтағы жағдай тұрақты. Бейнежазбада таудан ағып жатқан қарғын су түсірілген. Сондықтан жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Жалпы Шығыс Қазақстанда су тасқынына бейім 71 елді мекен бар.

Бүгінде атқарылған шаралардың нәтижесінде 15 елді мекенде қауіп толықтай жойылып, 46-сында азайтылған.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерді бақылауға 260 волонтер тартылғаны хабарланған.