14:18, 17 Сәуір 2023 | GMT +5
Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 13.30-дан бастап өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.
«Күннің бұзылуына, нақты айтқанда тұман түсіп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.