15:08, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауылында өрт салдарынан үш бүлдіршін шетінеді
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауылында өрт салдарынан үш бүлдіршін шетінеді, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.

Жексенбі, қыркүйектің 19-ы күні екіпәтерлі тұрғын үйдің өртенгенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.
Өртті сөндіргеннен кейін барлау жүргізген өрт сөндірушілер іштен 1, 3 және 5 жасар үш баланың денелерін тапты. Кейіннен анықталғандай, балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған болып шықты. Отпен абайсыздықтың салдары осындай қайғылы оқиғаға әкеліп отыр. Балалар иіс тиіп уланып, көз жұмған.
Қайғылы оқиға кезінде балалардың аналары жұмыста болған, ал әкелері үйден 20 метрдей жердегі қорада шаруашылықпен айналысып жүрген. Аяқ астынан лап ете қалған жалынды отағасы өз бетімен сөндіре алмаған. Үй бірер минутта түгі қалмай жанып кеткен.