Шығыс Қазақстанның ІІД 2011 жылды - Жауынгерлік, қызметтік, арнайы дайындықты ұйымдастыру жылы деп жариялады
![None None](/static/img/plug.webp)
Департамент басшысы, милиция генерал-майоры Қалмұханбет Қасымов осындай бастама көтерді.
Бұл бастамаға былтыр жыл бойы жүргізілген тексерулер бойынша айтылған сын-ескертулер мен жеке құраммен кадрлық жұмысты ұйымдастыру, әсіресе жедел, сыртқы қызметтерді және полицияның учаскелік инспекторларын арнайы дайындау жұмыстары бойынша жүргізілген мониторинг мәліметтері негіз болып отыр.
«Бүгінгі семинар-кеңестің міндеті - қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері басшыларының және аумақтардағы тікелей орындаушылар - учаскелік, мектеп инспекторлары мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлардың назарына Елбасы Жолдауының басты тезистерін жеткізу», - деді департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берікбол Қасенов.
Бүгін департаментте өткен семинар-кеңестің жұмысына департамент қызметкерлерімен қоса, сот және облыстық прокуратура қызметкерлері де қатысты.