12:30, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Гүлжан Қойгелдина Көкпекті ауданына әкім болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ГүлжанТұрсынханқызы Қойгелдина Көкпекті ауылында туған, былтыр қазан айында 36 жасқа толды. 1981 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Көкпекті ауылындағы «Агросервис» шағын жеке кәсіпкерліктің есепшісі қызметінен бастаған. Әкімдікке тағайындалғанға дейін, 3 жыл аудан әкімінің орынбасары болған.