Шығыс Қазақстанның көші-қон қызметі шетелдік жұмыс күштерін пайдаланатын кәсіпорындарды тексеруде

ӨСКЕМЕН.  Шілденің  11-і.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстан  Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзғаны  үшін   300-ден  астам   шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке  тартылды. 
None
None

Шығыс Қазақстан  облысының  Көші-қон  полициясы  аймақта басталған «Мигрант» операциясының алғашқы  екі күнінде    шетелдік жұмыс күштерін  пайдаланатын   24 кәсіпорынды   және  15 оқу орнын  тексерді,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өздеріңізге аян,      ағымдағы аптаның   ортасынан  бастап республика бойынша   «Мигрант» операциясы   өткізілуде.  Бұл операцияның  мақсаты - тәртіпті қамтамасыз ету   және   республика аумағында заңсыз жүрген   тұлғаларды анықтау,  сондай-ақ     заңсыз  көші-қон арналарының  жолын  кесу.

Аймақтық    көші-қон полициясының  ақпараты  бойынша,   ел аумағынан 21 адам  шығарып жіберілді,      оған қоса,   қарулы шабуыл жасаған, іздеуде  жүрген   бес қылмыскер ұсталды,  олардың біреуі -  ТМД елдерінің бірінің азаматы.

Соңғы жаңалықтар