Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталуда

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталуда,
None
None

деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар қызметінен.

Согорное Печи-2 учаскесінде қаңтардың 2-сінде жалпы ауданы 4 800 текшеметрдей қар көшкіні болды - зардап шеккендер жоқ, бүгінгі тағда жолдар қардан тазартылды. Бірақ аймақта алтыншы тәулік қатарынан толассыз қар жауып, ауаның температурасы минус 1 градусқа дейін көтерілгендіктен, қар көшкінінің жаңа қауіптері сақталуда.

Синоптиктер алдағы екі тәулікте қар жауады, бірақ температура күрт төмендейді деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар