Шығыс Қытайда алты жергілікті тұрғын көшкін астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайда алты жергілікті тұрғын көшкін салдарынан өз үйлерінің үйінділерінің астында қалды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
None
None

Цзяньдэ қаласында таңертең қатты жауын салдарынан көшкін болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қытайдың басым аумағында қатты нөсердің жауып жатқанына бір аптадан астам уақыт болды.

Соңғы жаңалықтар