Шығыс Қытайда хайуанаттар бағы қызметкеріне шабуыл жасаған арыстанды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында жыртқыш аңдарды үйретушіге шабуыл жасап, тордан шығып кеткен арыстанды атып тастады.
None
None

Аталған саябақ орналасқан Тайшань тауы туристік аймағы әкімшілігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 6:20-да, үйретушінің арыстан тұратын торға тазалау үшін кірген сәтінде болған.

Жыртқыш аң талаған қызметкер ауруханада көз жұмды.

Туристерді тосын қауіптен сақтау үшін қашып шыққан арыстанды атуға полиция шақырылды. Келеңсіз жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Соңғы жаңалықтар