«Шығыс түсті металдар» компаниясы ШҚО облыстық ауруханасына 6,6 млн. теңгеге заманауи жабдықтар сыйлады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аймақтың облыстық ауруханасына ортопедия және травматологиялық оталарды жасауға арналған жаңа техника әкелінді. «System 7» жабдықтарын сатып алу үшін 6,6 млн. теңгені KAZ Minerals тобының «Шығыс түсті металдар» компаниясы бөлді.
None
None

Бұл хирургиядағы түрлі мамандықтар үшін жабдықтарды 70 жыл бойы жасап, енгізіп және жетілдіріп отырған Stryker компаниясының ортопедия және травматология үшін арнап шығарған техникаларының соңғы үлгісі. Олар жамбас буынын эндопротездеу, сүйектің сынуы, буынның шығып кетуі, сүйектің сынуынан кейін оның дұрыс өспеуі, остеоартроз, қол білезіктері мен табан сүйектерінің дұрыс өспеуі кезінде қолданылады.

«Шығыс түсті металдар» ЖШС басқармасының төрағасы Елсүр Дәуітов шығысқазақстандық дәрігерлер бұл заманауи жабдықтардың арқасында осындай медициналық көмекке мұқтаж жүздеген адамдарға көмек бере алатынына үмітін білдірді. «Жабдықтарды сатып алу - қарапайым демеушілік көмек қана емес, бұл әрқашан көмекке келуге дайын медициналық қызметкерлердің еңбегіне деген құрмет белгісі», - деп атап өтті ол.

KAZ Minerals - Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Топтың құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. 2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тың нарықтық капиталдандыруы $ 2,3 млрд. құрады. 2005 жылдың қазан айында компания өз акцияларын Лондон қор биржасында орналастырды. Компания өз қызметіне тән емес активтерді сату жөнінде бірқатар келісім-шарт жасап, 2014 жылы қайта құруды аяқтады және қазір Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бет алды. Қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейін компания атауы KAZ Minerals ПЛС деп өзгерді.

Соңғы жаңалықтар