«Шығысэнерготрейд» борышкер тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді тоқтатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтынушылардың «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қарызы миллирад теңгеден асып жығылды. Бұл сома Өскемен қаласы тұрғындарының өткен жылғы қарызы, YK-news.kz.
None
None

Аталған серіктестіктің бас директоры Вячеслав Аксеновтің айтуына қарағанда, Семей қаласы «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының бір өзі ғана серіктестікке 700 млн. теңгеден астам сома қарыз болып отыр.

Осындай қиын ахуалға тап болған компания дүйсенбі, 17 наурыздан бастап борышкерлерге электр энергиясын жеткізуді доғару туралы шешім қабылдап отыр. Бұл жайында компанияның ресми твиттер-аккаунтында жария етілді.

«Электр энергиясы үшін дер уақытында төлем жасамау тек қана жарықты сөндіріп қана қоймай сонымен бірге қайта қостыру үшін қосымша шығыстарды қажет ететін болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар