Шығысқазақстандық кеденшілерге кезектен тыс аттестаттаудан өту ережелері түсіндірілуде

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» Жарлығына сәйкес,
None
None

жеке құрамға кезектен тыс аттестаттаудан өтудің мақсаты мен тәртібі жөнінде түсініктеме жұмыстарын жүргізуді бастады. Бұл туралы Кеден департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Осы бағытта жеке құраммен нормативті құқықтық аткілерді зерделеу бойынша дайындық сабақтары, дене шынықтыруға даярлық бойынша нормативтерді тапсыру ұйымдастырылуда. Жарлыққа сәйкес, кезектен тыс аттестаттау бағалаудың негізгі өлшемдері бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда, онда қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті және олардың жұмыстарының нәтижелері,  теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейі бағаланады. Жалпы кезектен тыс аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеу, сондай-ақ дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыруды және психологиялық орнықтылығына қатысты әңгімелесуден өтуден тұрады», - делінген таратылған хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар