Шығысқазақстандық полицейлер «Браконьер» жедел алдын алу шарасын қорытындылады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық полицейлер «Браконьер» жедел алдын алу шарасын ұйымдастырып, атқарылған жұмыстарды қортындылады,
None
None

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Он күнге созылған жұмыстың нәтижесінде 283 құқық бұзушылық анықталды. Олардың 35-і оқиғасы орман-тоғайды отау, 43-і заңсыз аң аулаға, ал 124-і балық аулауға қатысты болды.

«Шара барысында қызыл кітапқа енген таймен балығын заңсыз аулау дерегі Зырян ауданында тіркелді. Семейде электроқармақпен балық ұстаған екі оқиға анықталды. Күршім мен Көкпекті аудандарында заңсыз шаян аулаған 2 дерек тіркелді. Жедел іс-шараны өткізу кезінде Зырян ауданында қыркүйек айында ауланған бұланға қатысты іс анықталды. Сонымен қатар, иір ойықты қаруды заңсыз сақтаған катонқарағайлық тұрғын белгілі болды», - дейді ШҚО ІІД табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлім бастығы, полиция полковнигі Батырхан Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар