17:55, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Шығысқазақстандық Роман Сиваков пен Әдем Жұматаева «Шығыс- STAR» облыстық байқауының жеңімпаздары атанды
ӨСКЕМЕН. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында «Шығыс- STAR» облыстық байқауының соңғы гала-концерті өтті.

Байқаудың қатысушылары өскемендік Роман Сиваков пен семейлік Әдем Жұматаева биылғы жылдың наурызында Астанада өтетін Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваліне қатысу сертификатын алды.
Бұдан басқа, байқау қорытындылары бойынша Өскеменнен келген Мария Усманова, Жанерке Қалибекова, Наргүл Нұрғазиева және семейлік Аяулым Салықова дыбыс жазу студиясында бір өлеңге аранжировка жасау мүмкіндігіне ие болды.
Байқаудың барлық қатысушыларына аймақтық мәдениет басқармасының Алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.