22:32, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
«Шымбұлақ» таң-шаңғы курорты өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» таң-шаңғы курорты өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бүгін басталған мерекелік шаралар ертең де жалғасын таппақ.
Алғашқы күні бағдарлама бойынша Наурыз мейрамы тойлануда, суға секіруден жарыстар өтті, ал түнде жиналған жұрт шаңғы тебеді. Екінші күні «Шымбұлақ аруы» сұлулық сайысы ұйымдастырылады, тау шаңғы спортының ардагерлері құрметтеледі, слаломнан балалар мен ересектер арасында жарыстар өтеді, қалағандар таудан шаңғымен ту ұстап сырғанауға қатысады, «Шымбұлақтың» тарихы туралы ретросуреттер көрмесі және тағы басқа шаралар жоспарланған. Ең кішкентай қонақтар үшін аниматорлар командасы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Шымбұлақты» мерейтойымен құттықтау байқауының нәтижелері жарияланып, жеңімпаз Түркияға 2 адамдық туристік жолдамамен марапатталады.