«Шымбұлақ» ТК әкімшілігі бағаны көтеру жайлы сынға жауап берді
Маркетинг қызметінің басшысы Владислав Семенов курорттағы баға қалай қалыптасатынын түсіндіріп берді. «Егер өткен және қазіргі маусымдардың бағасын салыстыратын болсақ: 2015-2016 жылдары сұраныс жоғары маусым кезінде ересектер билеті жұмыс күндері 5 500 теңге болса, осы маусымда - 6 500; жұмыс күндері жеңілдікпен билеттер (балалар, студенттер немесе зейнеткерлер) - 3000 теңге болса, қазір де - 3000 теңге. Осылайша тек ересектерге арналған билет 1000 теңге ғана қосылды», - деді ол.
Оның деректеріне сәйкес, демалыс және мереке күндері ересектер билеті осы маусымда 1,5 мың теңгеге ұлғайған. Бұл ретте жеңілдік (балалар, студенттер немесе зейнеткердер) билеттер 500 теңгеге арзандады, 4,5 мың теңгені құрады. Жаяу келушілер билеттерінің құны да өзгеріссіз қалды. Жұмыс күндері 5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар тегін кіреді.
Келушілердің наразылығы сұранысы жоғары маусым мен жеңілдік қарастырылған маусым бағаларын салыстырудан туындағанын атап өткен жөн. «2016 жылғы 18 қарашадан бастап 2016 жылғы 9 желтоқсан аралығында маусым алды арнайы жеңілдіктер жарияланған. Яғни, жұмыс күндері ересектер билеті - 4500 тг, демалыс күндері - 6500 тг, жұмыс күндері жеңілдік билет - 2500 тг, демалыс күндері - 3000 тг құрады. Ол бағаның артуына қанатты жолдарды жөндеушінің регламентіне сәйкес қажетті жөндеу жұмыстарының ұлғаюы, сондай-ақ еуроға қарағанда теңге бағамының елеулі өзгеруі себеп болғанын айтты.
Курорт сондай-ақ өндірушілерден еуро төлемімен жабдықтарды жөндеуге қосалқы бөлшектер сатып алады. Ол еуропалық өндірушілер келісімшартты еуромен жасасатынын атап өтті. Бұл «Шымбұлақ» курортының қосалқы бөлшектерінің қымбаттауына алып келеді. Қызмет көрсету үшін шетел мамандарын шақырған жағдайда, ҚҚС, кеден жиыны, мемлекеттік баж, резидент емеске КТС бөлшектерді жеткізген күндегі еуро бағамымен төленеді.
Бұдан басқа, өткен жылмен салыстырғанда, отынға баға, тұтыну шығыстары ұлғаюына байланысты қанат жолдарына дизель отынын сатып алу, жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясына төлем шығындары артты. Тариф ұлғайды.