Шымбұлақта 6 елден жиналған шаңғышы балалардың жарысы өтті

Тау шаңғысы мектебінің директоры Ирина Жердеваның айтуынша, жарысқа жас ерекшеліктері бойынша үш санаттағы қыздар мен ұлдар қатысты - 3-тен 5 жасқа дейін, 6-дан 8-ге және 9-дан 10 жасқа дейінгі аралықта. CHIMBAKIDSSLALOM сайысында АҚШ, Латвия, Ресей, Украина және Германия елдерінен келген бүлдіршіндер өнер көрсетті. Барлығы 100-ден астам бала тіркелді.
ҚР шаңғы түрлері бойынша спорт қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев балалардың дайындық деңгейіне және жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді.
«Трасса керемет. Шымбұлақта түрлі жастағы балаларға тау шаңғысымен айналысуға мүмкіндік беретін луфт бар. Қатысушылардың көптігі қуантып отыр. Бұл трасса қауіпсіздік, хронометраж және жарыстарды ұйымдастыру тұрғысынан балалар жарысын ұйымдастыру талаптарына жауап береді», - деді ол.
Айта кетейік, келесі аптада ұлттық құрама және өңірлік спортшылар қатысатын Қазақстан чемпионаты басталады.