Шымбұлақта ресейлік төрешінің қаза болуының мән-жайы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымбұлақта қар көшкіні салдарынан көз жұмған ресейлік төрешіні іздестірудің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, сағат 14:06 кезінде бірыңғай диспетчерлік қызметіне Шымбұлақ құтқарушыларына Спартак Алемасов есімді РФ азаматы хабарласқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Ол өз сөзінде таудың батыс бөктерінде трассадан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні орын алып, қар құрсауында адам қалғандығын айтқан.

Оқиға орнына шұғыл түрде Универсиада нысанын күзетуге жұмылдырылған күштер бағытталды. Жалпы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағының  50-ге жуық адамы қар көшкіні орнына барды.

«Қар көшкіні орын алған аумақ бірден анықталды. Шамалы уақыттан кейін іздестіру шараларына қосылған иттердің бірі нақты жерді тауып берді»,-деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сағат 15:23 кезінде құтқарушылар 1986 жылы туған Белослудцев Алексей Николаевич есімді Ресей Федерациясы азаматының денесін қар құрсауынан алып шықты.

Сағат 16:14-те іздестіру тобында болған медициналық көмек дәрігерлері реанимациялық әрекеттерден кейін спортшының өлгендігін нақтылады.

Ажал құшқан азамат ресейлік Красноярск қаласынан фристайл бойынша делегация құрамында келген техникалық төреші болған.

«Қайғылы оқиға Универсиаданың спорттық трассасынан тыс аумақта сырғанау салдарынан орын алды. Көз жұмған адамның досы өз сөзінде сырғанау кезінде бұған дейін қарға із салынбаған тау бөктерін арнайы таңдап отырғандықтарын айтты. Сонымен қатар олар бұл аумақ сырғанауға тыйым салынғанын түсіне отырып, фрирайдпен айналысқан» ,-деді Иманқұлов.

«Қазселденқорғау» ММ-нің мәліметінше, көшкін қардың көлемі 350 текше метрді құрады.

Сонымен қатар ТЖК өз хабарламасында 2017 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қар көшкінінің болуы қаупі туралы ақпарат таратқанын еске салып өтті.

Соңғы жаңалықтар