14:44, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Шымкент әкімдігі Достық үйін ашу үшін «Қазақстан» кинотеатрының ғимаратын сатып алды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әкімдігі Достық үйін ашу үшін ескірген «Қазақстан» кинотеатрын сатып алды.
Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі қараусыз қалған кинотеатр ғимаратын сатып алды, оның құны 300 млн. теңгеге түсті», - деді Шымкент әкімі Дархан Сатыбалды.
Ғимарат банкте кепілде тұрғанына қарамастан, баға басынан бастап жоғары болғаны аталып өтілді. Әкімдік ғимарат иесімен келіссөз жүргізіп, бағаны түсірді. Қазір ғимаратты жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу жоспарлануда.
Қазір Шымкентте 19 мәдени орталық жұмыс істейді.