«Shymkent» ӘКК 14,6 млн теңгеге айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM –Монополияға қарсы департамент электр энергиясын индустриалды аймақтарға жеткізу жұмыстарын тергеуден соң заңбұзушылықтарды анықтады.

Штрафы на 52 млн тенге выписали за нарушения пожарной безопасности в Казахстане
Коллаж: Kazinform / Pexels

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты тергеуді аяқтап, нарықтағы басымдықты теріс пайдалану деректерін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, ӘКК Шымкенттің индустриалды аймақтарында орналасқан кәсіпорындарға электр энергиясын жеткізу бойынша «Казсбытгрупп» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Келісімшарт шарттарына сәйкес, серіктестіктің кірісінің 50%-дан астамы акционерлік қоғам пайдасына аударылған.

— ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 4) және 10) тармақшаларына сәйкес, нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерге нарыққа қолжетімділікті шектеуге, бәсекелестікті жоюға немесе өзге қатысушылардың мүдделеріне қайшы әрекеттер жасауға тыйым салынады, — деп атап өтті департамент.

Тергеу қорытындысы бойынша іс материалдары сотқа жолданды.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыының қаулысымен «Shymkent» ӘКК кінәлі деп танылып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 159-бабының 3-1 бөлігі бойынша 14 660 886 теңге айыппұл салынды.

Осыған дейін «ҚазАзотқа» атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл салынғаны туралы хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар