«Шымкент» әуежайы жаңа заманауи арнайы техника сатып алды
Сатып алынған техникалардың қатарында -Минск автозауытының соңғы модельді перрондық автобусы, ұшақтарға ауыз су құюға және санитарлық тораптарға қызмет көрсетуге арналған машиналар, ұшақ сыртына мұз қатырмайтын сұйықтық құюға арналған арнаулы техника және авиадвигательдерді ауамен және электр қуатымен іске қосуға арналған қондырғылар бар.
«Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Валерий Истюфеевтің айтуынша, жаңа машиналар әуежайды халықаралық талаптарға сай арнайы техникамен жете жарақтау жөніндегі «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жасалған жобаның аясында алынып отыр. Жобаның құны - 279 миллион 705 мың теңге, оның 139 миллион 705 мың теңгесін - «Оңтүстік» ӘКК беріп отыр.