Шымкент әуежайында кеденшілер декларацияланбаған ірі көлемдегі валютаны қолға түсірді

ШЫМКЕНТ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Шымкент әуежайында Қазақстан Республикасынан декларацияланбаған ірі көлемдегі ақша қаражатын алып бара жатқан Жамбыл облысы Мерке ауданының екі тұрғын әйелін ұстады. Олар «Шымкент-Анталья» авиарейсімен Түркияға аттанып бара жатқан болатын, деп хабарлады Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Кедендік бақылаудан өткізу кезінде оның біреуі 10 000 АҚШ долларын ғана ресми декларациялаған. Алайда оны кедендік тексеру кезінде декларацияланбаған 60 мың еуро мөлшерінде ақша қаражаттары табылды. Оның серігін тексеру кезінде декларацияланбаған 22 850 АҚШ доллары, 1 300 еуро және 1 200 теңге табылды.

Кеденшілер оларға ҚР-ынан үш мың АҚШ долларына тең ақша қаражатын ғана декларацияламай өткізуге болатынын түсіндірді. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 1-бөлімі, 209-бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар