13:45, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Шымкент әуежайында Түркиядан 85 келі зергерлік бұйымды заңсыз әкелген жолаушы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент әуежайында Түркиядан салмағы 85 келіден асатын зергерлік бұйымды контрабандалық жолмен тасымалдаған жолаушы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«26 қарашада, «Шымкент - авиа» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары сағат 07:15-те VSV 486 Ыстамбұл - Шымкент бағытындағы рейс жолаушыларын тексеру кезінде 39 жастағы ҚР азаматын зергерлік бұйымдардың ірі партиясымен - 56, 968 кг күміс және 28,706 кг алтынмен ұстады», - делінген хабарламада.
Бастапқыда кедендік декларацияда рейс жолаушысы елге әкелген тауары күмістен жасалған бұйымдар деп айтқан.
Ұстау фактісі бойынша материалдарды ОҚО бойынша КБД экономикалық тергеу қызметіне тапсыру көзделген.