Шымкент гүл дүкеніндегі оқиға: Бұзақының қасында кірістер департаментінің қызметкері болған

«10.08.2023 жылы Шымкент қаласындағы гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада құқық бұзушының қасында болған екінші тұлға – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Д.Елқонды. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында 10 тамызда қызметтік тергеу тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, Д.Елқондының жауапкершілік мәселесі тәртіптік комиссия отырысында қаралады.
Сондай-ақ Шымкент қалалық кірістер комитетінен, қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатыны айтылды.
Еске сала кетейік, гүл дүкеніндегі видеоға қатысты Шымкент прокуратурасы түсінік берген еді.
Кейін Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі гүл дүкенінде екі бөлек оқиға болғанын хабарлап, әр жайт бойынша ресми ақпараттандырды.