Шымкент хайуанаттар бағында арыстанның бес күшігі мерт болды

Хайуанаттар бағының бұрынғы директоры Ғани Сұлтанов бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, жануарлардың өлуіне бақтың жаңа директоры кінәлі екенін айтты.
«Қаңтардың 3-і күні Нафа деп аталатын арыстанның қаншығы бес күшікті дүниеге әкеледі. Бұл сирек оқиға, біз мұны асыға күткен едік. Алайда ұстау ережелеріне қайшы, келесі күні хайуанаттар бағының жаңа директоры телеарна қызметкерлеріне вольердің ішінде түсіруге рұқсат еткен. Түсіруге қолайлы болуы үшін күшіктерді ұрғашы арыстанның бауырынан таяқпен түртіп алып шыққан. Тележурналистер кеткеннен кейін, ұрғашы арыстан бөтен иісті сезіп, стрестік күйінен арыла алмаған күйінде, күшіктерін жеп қойған», - деді Ғани Сұлтанов.
Баспасөз мәслихатында сонымен қатар, жақында хайуанаттар бағының директоры болып ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері, 54 жастағы Сейдолла Жұбаевтың тағайындалғаны хабарланды.