Шымкент қаласында Бекзат Саттархановқа ескерткіш қойылды

Бекзат Саттарханов атымен аталатын спорттық мектеп-интернаттың алдына биіктігі 3 метр мүсін қойылған.
Жас спортшының жұлдызы 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарында жарқырап жанған еді. Жартылай жеңіл салмақта алтын жүлдені жеңіп алған боксшы Қазақстанның туын көтеріп, рингті айнала жүгірген кезі елдің көз алдында. Бірақ содан 3 ай өткен соң, қазақ елі жол апатынан ардақты ұлынан айрылып қалды.
Ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты шараға қатысқан спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров өз кезегінде: Арыстай азаматымыздың жастай қыршын кеткеніне қарамай еңбегін бағалап, осы ескерткішті салған азаматтарға рахмет. Бұл келешек ұрпаққа үлгі. Біздің тілегіміз, елдің тілегі осы жастарға айтарым, біздің жолымызды баса берсе екен. Қазақ халқының кім екенін дүниежүзіне танытсындеп тілейміз», - деп ағынан жарылды.