Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған халық биінің фестивалі өтті

ШЫМКЕНТ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күн» республикалық марафоны аясында «Біз - қазақстандықтармыз!» атты би өнерінің этнографиялық байқау фестивалі өтті.
None
None

Оңтүстік Қазақстан облысының Халықтар достығы үйінің сахнасында ОҚО 11 ұлттық мәдени орталығын таныстырған шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылар кәсіби емес, тек қана көркемөнер ансамбльдерінің қатысқандарын атап өтті, өйткені фестиваль мақсаты - тек қана үздік бишілерді анықтау емес, фольклорлы би өнерін дамыту, ҚР аумағында тұратын халықтардың салттары мен дәстүрлерін сақтау, мәдени ақпаратпен алмасу болып табылады. «Мен қазақпын, өз мәдениетімді жақсы білемін. Бірақ мен елімізде тұратын өзге халықтардың да мәдениетін білгім келеді. Өзім үшін славян мәдени орталығын таңдадым, мұнда мен славян халықтарының дәстүрлерін зерттеп жүрмін. Бүгін достарымызбен бірге «Калинка» орыс халық биін орындадық», - деді байқаудың қатысушысы, оқушы Әділжан Исаев.

Көркем қойылым деңгейін, бидің музыкалық орындалуын, сахна мәдениеті мен киген киімді ескере отырып, қазылар алқасы үш жүлделік орынға бір-бір ұжымнан таңдайды. Сондай-ақ үздік жеке орындаушыларға да үш жүлделік орын беріледі. Бұдан басқа, халық дәстүрлерін сақтағаны үшін үш арнайы номинация, қатысушыларға арналған бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар