Шымкент қаласында полицейлер аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 2-нен 3-іне  қараған түні шамамен сағат 02.00-де Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Ескі қалашық мөлтекауданындағы дүкендерде ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 
None
None

Оқиға орнына келген Әл-Фараби ПБ-нің жедел тергеу тобы белгісіз тұлғалар құрылыс дүкеніне кіріп, 50 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ СДТБТ-не тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталды.

Әл-Фараби ПБ жедел із кесушілері шұғыл іздестіру іс-шараларының барысында 5 күдікті  азаматтың 3-уін ұстады. Олардың барлығы да Шымкент қаласының  1994, 1992 және 1989 ж.т. тұрғындары. Ұсталғандардың бірі дүкеннің жұмысшысы болып шықты. Айғақты зат ретінде 8 000 000 теңге  ұрланған ақшаның бір бөлігі мен күдіктілердің қылмыс жасаған автокөлігі тәркіленіп алынды. Ақша заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтады. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел із кесушілер қылмыс жасаған қалған күдіктілерді іздестіруде. 

Соңғы жаңалықтар