Шымкент қаласында жалған алкогольдік өнімдерді шығаратын 8 астыртын цех анықталып, жойылды

Ол сондай-ақ ОҚО-да акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының көбі алкогольді өнімдерді шығару саласында болатынын айтты.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап бұл салада ОҚО қаржы полициясы 50 қылмыстық іс қозғады, айыптау қорытындысымен сотқа 42 қылмыстық іс жіберіліп, 23 адам сотталды. Көлеңкелі айналымнан 50 млн. теңгеге алкоголь өнімі алынып тасталды, мемлекет кірісіне 26,5 млн. теңге көлеміндегі қаржы тәркіленді», - деді баспасөз хатшысы.
Ж. Мамытова сондай-ақ екі салмақты мысал келтіріп өтті. Екі жағдайда да алкогольді өнімдерді шығару бойынша астыртын цехтар Шымкент қаласының тұрғын үйлерінде орналасқан.
«Мұндай цехтың иесі 2010-2011 жылдарының ішінде арақ-шарап өнімдерін заңсыз сақтап, оларды өткізгені анықталды. Оның үйінде қаржы полициясының қызметкерлері 3 млн. теңгеден астам ақша көлеміндегі жалған алкогольді өнімдерді анықтады. Цехтың иесі шартты түрде 1 жыл бас бостандығынан айырылып, оған 100 мың теңге айыппұл салынды».
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін тағы бір жеке тұрғын үйдің иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өз үйінде жасырын цех ұстаған. «Үй иесі суррогатты алкоголь өнімдерін шығарып сатқан. Тексеріс барысында оның үйінен 1,3 млн. теңгеден астам қаржыны құрайтын жалған өнім табылды» - деп түсіндірді Ж.Мамытова.