Шымкент қаласында Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берiлдi

ШЫМКЕНТ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берiлдi. Ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкiмi Асқар Мырзахметов алдағы уақытта жұмыс iстейтiн бөлiмдермен, «Жастар орталығы» веб-сайтының жобасымен, консультативтiк-психологиялық көмек көрсету бөлмесiнiң жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

- «Облыста барлығы 723 мыңнан астам жас бар, олардың 150 мыңы жоғары және арнаулы бiлiм беретiн оқу орындарының студенттерi. Бүгiнде жастар бiздiң болашағымыз екендiгiн сөз жүзiнде айтып қана қоймай, оларға нақты iспен қамқорлық көрсетуiмiз керек. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары ел келешегiнiң иелерiне бюджеттен бөлiнетiн қаржы азайды. Облыстағы 70 шақты ұйымның жұмыс iстеп тұрғаны да бiрен-саран. Мiне, осындай мәселелердi шешетiн орталыққа айналатын бүгiнгi ғимараттың ашылуы тек салтанатымен емес, түйткiлдердi тарқатуға арналған маңыздылығымен ерекше», -- дедi облыс әкімі А.Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар