08:33, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Шымкент қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен бір адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат екілер шамасында Шымкент қаласындағы Гагарин көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.
Оқиға орнына ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы барды. Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды. Денесін түрлі дәрежелерде күйік шалған 1936 жылы туған А.Малюкова дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.