14:30, 09 Сәуір 2012 | GMT +5
Шымкент маңында жер сілкінді
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Шымкент қаласынан 135 шықырым қашықтықта 3,8 баллдық қуатпен жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.
Орталық таратқан шұғыл ақпаратқа сәйкес, қаланың батысында болған жерасты дүмпулері бүгін, 9 сәуірде Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 6-дан 15 минут кеткенде тіркелген.
Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 42.23 градусында, шығыс бойлықтың 67.96 градусында анықталды. Тереңдігі - 6 шақырым.