Шымкент мектептерінде «Жеңіске жол» эстафетасы өтуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент мектептерінде "Жеңіске жол" эстафетасы өтуде.
None
None

Бұл акция Жеңістің 70 жылдығына арналған, дейді қалалық білім бөлімі бастығының кеңесшісі Баян Жандосова, оған Шымкенттің әр мектебі қатысады.

«Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында басталған эстафетаны бірінші болып №1 мектеп қабылдады. Оқушылар аталарының істерін ұмытпауға ант беріп, эстафета символы - алауды алды», - деді Баян Жандосова. Оны алған әр мектеп белгілі бір уақытқа дейін ерекше бағдарлама дайындауы тиіс.

Әр мектеп ерекше бағдарлама құрастырғысы келеді. «Мәселен № 9 лицейде ұрпақтар мұрагерлігінің маңыздылығын ойлап тапты. Шымкентте соғыс ардагері Константин Иванович Прокопюк тұрады. Ол - осы мектептің түлегі. Мұнда оның қызы оқыған, енді бірінші сыныпта немересі оқиды, - деді Баян Жандосова. - Эстафета аясында оқушылар ардагер туралы фильм түсірді, кейін оның қызы сөз сөйлеп, немересі атасы шығарған өлең оқыды. Константин Иванович өлең шығарады екен».

Барлық шаралар бойынша мектептер фотоесептер жасайды. Кейін одан «Жеңіске жол» альбомы жасалады. Ол балалар мен жасөспірімдер орталығында сақталады.

Соңғы жаңалықтар