12:55, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Шымкент мұнай айдау зауыты жұмысын тоқтатты
ШЫМКЕНТ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Шымкент мұнай айдау зауыты өз жұмысын тоқтатты. Оның тоқтатылуы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын өткізумен байланысты болды.

Зауыттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта 2012 жылдың 5 қазанынан 8 қарашаға дейін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басқаруындағы Шымкент МАЗ жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты тоқтатылатыны хабарланады. МАЗ-ның жоспарланған күрделі жөндеу үшін тоқтатылу кестесі ҚР Мұнай және газ министрлігімен келісілген. Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар зауыт қызметін жақсартуға және оның жабдықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталды.