Шымкент полицейлері көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жас қызды құтқарып қалды (ВИДЕО, ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында 1 маусым күні оқыс оқиға орын алды. Полицейлер көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жас қызды құтқарып қалды.
None
None

Оқиға кеше. 2015 жылғы 1 маусым күні болған. Шымкент тұрғындарының бірі полиция бөлімшесіне қоңырау шалып, Дінмұхамед Қонаев даңғылындағы көпірден бір қыздың секірейін деп тұрғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу Шымкент ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік экипажы келіп жеткен.

«Біз көпірдің шетінде қыз телефонмен сөйлесіп тұрғанын аңғардық», - деді жол-патрульдік полицияның сержанты Арсен Ахметов.

Қыздың телефонмен сөйлесіп тұрғанын пайдаланған тәртіп сақшылары байқатпай келіп, оны ұстап алған. Осылайша тәртіп сақшылары көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жас қызды ажалдан аман алып қалды. «Жедел жәрдем» көлігі келіп жеткенге дейін ол басын бүркеген күйі жерден тұрмады. Дәрігерлер қызды ауруханаға алып кетті.

Оның не себепті мұндай қатерлі қадамға бармақ болғаны әзірге анықталған жоқ. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар