Шымкент полицейлері оқиға орнынан қашып үлгермеген қарулы қарақшыны ұстады

ШЫМКЕНТ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Шымкенттің полиция қызметкерлері жекеменшік үйдің ауласында оқиға орнынан қашып үлгере алмаған қаруланған қарақшыны қолға түсірді,
None
None

деп хабарлады ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Жекеменшік үйдің иесі полицияға тонау оқиғасын айтқан. Абай ауданы АІІБ-нің қызметкерлері оқиға орнына шұғыл түрде жетіп, үйдің ауласында қарақшылардың бірін, 17 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады», -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оны тінту кезінде 4 медициналық бетперде мен 16 калибрлік оқ-дәрі және ұрланған ақшаның бір бөлігін - 400 мың теңгеге жуық соманы алды. Оқиғаны жасаған қалған 3 қарақша ізін суытып үлгерген.

ҚР ҚК-нің 179 бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қалған қылмыскерлерді ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар