«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустарға билет арзандады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент-Ташкент бағытындағы автобустардың билеттері 800 теңгеге арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Егер бұрын ол 3200 теңге тұрған болса, енді оны 2400 теңгеге алуға болады. 7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін.

Өзбекстан астанасына автобус күніне екі рет қатынайды: таңертең және кешке. Кедендік процедураларды қоса алғанда жолдың ұзақтығы 3,5 сағат.

Айта кетейік, 5 қаңтардан бастап, екі ел арасында автобус қатынасы жолға қойылды.

Соңғы жаңалықтар