Шымкент тұрғыны қызға тиіскені үшін тұтқындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны кәмелетке жетпеген қызға тиіскені үшін тұтқындалды. ОҚО прокуратурасының хабарлауынша, 50 жастағы ер адамды тұтқындауға Қаратау аудандық соты санкция берген.
None
None

Азғындыққа күдікті адамды 2 айға тергеу абақтысына отырғызды. Ол туралы көңілдесі шағым жазған. Әйелдің айтуынша, ер адам оның үйде болмаған  кезінде немере қызын айналдырып, 13 жастағы ұйықтап жатқан қызды қолына көтеріп, өзінің жатын бөлмесіне әкеп, оған тиіскен.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 1 бөлімі 124-бабы бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар