Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте оқ жаудырды

ШЫМКЕНТ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкентте екі көліктің жүргізушісі жолға таласып қалды. Олардың бірі өзінің дұрыстығын қарудың көмегімен дәлелдегісі келді.

Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте оқ жаудырды

Бұлардың оқпен атылатын қару қолданғандарын облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер растады.

Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, оқ жарақатын алған жүргізушілердің бірі ауруханада жатыр. Бұл оқиғамен Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері шұғылданып жатыр. Кінәліні анықтауға ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесуі мүмкін.