«Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» жолының құрылыс қарқыны мол бұлақ суына байланысты баяулап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» автомобиль жолы учаскесіндегі туннель құрылысы қарқынының баялауы бұлақ суының молдығына байланысты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.
None
None

«Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» автомобиль жолы учаскесіндегі туннельді ұңғылау жұмыстарын жүргізу барысында мердігер мол бұлақ суына, қилы топырақ жынысына (5 метрге дейін жұмсақ, одан кейін қатты жынысқа алмасуы және керісінше) тап болды. Мұндай жағдай құрылыс мерзіміне едәуір әсер етті, сондықтан негізгі жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

Мердігер қысқы кезеңде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында бұл жолдағы жөндеу жұмыстарын аяқтап, жолмен жүріп өтуді мүмкіндігін 100 пайыз қамтамасыз етті.

Автомобиль жолын қысқы уақытта күтіп-ұстауды (қардан тазалау, көктайғаққа қарсы материал сеуіп отыру және т.б. жұмыстар) мердігер ұйым өз есебінен жүргізеді.

Бұл учаскедегі жол мен туннельдің құрылысын Иран мен Түркияның бірлескен кәсіпорыны жүргізуде. Құрылыс жұмыстары басталар алдында, 2013 жылы мердігерлерге биіктігі 35 метрден астам ойықтың орнына келісімшартта құны келісілген мөлшерде туннель салу ұсынылған болатын.

Автомобиль жолдары комитеті құрылыста тәжірибесі бар шетелдік инженерлермен бірлесіп, мердігердің ұсынысын зерттеді. Сонда мердігердің ұсынысы барлық сипаттама бойынша ең қолайлы болып шықты (пайдалану кезіндегі, әсіресе, қыс маусымындағы, шығындардың азаюы, ұзақ мерзімге жарамдылығы, қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз етуі, құрылыс барысындағы жарысы жұмыстарына ықтимал қарсылық болуынан қашақтау және т.б.)

2015 жылдың басында мердігер туннельді тесіп өту жұмыстарын бастаған болатын, олар осы жұмыстарды жүргізу барысында аталмыш қиындықтарға тап болды.

Соңғы жаңалықтар