Шымкент жастары Наурыз мерекесіне орай Қазығұрттың шыңын бағындырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары мен Шымкенттің белсенділері алдағы Наурыз мерекесіне орай Қазығұрттың шыңын бағындыруды мақсат етті.
None
None

Таудың биіктігі - 1720 метр, деп хабарлады «Нұр-Отан» партиясының баспасөз қызметінен. Осылайша жас белсенділер облыс тұрғындарын салауатты өмір салтына тартып, әлеуметтік туризм мүмкіндігін көрсетіп, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыруға ниет етті. Шыңға шығу шарасына 150-ден астам адам қатысты.

Оларды ОҚО ТЖД құтқарушылар бақылап тұрды.

«Ауа райы қолайсыздау болды, жорық бойы қою тұман сейілмеді», - дейді ОҚО ТЖД құтқару жасағының өкілі Павел Вишенин.

Кейбір қатысушылар өздерінің мүмкіндіктерін осылайша сынап көрді. «Шараға қатысушылардың кейбірі үшін бұл жорық өздерінің шыдамды, өжет, қайсарлықтарын тексерген нағыз сынаққа айналды, өйткені көпшілігі құзды алғаш рет еңсеріп өтті. Осымен біздің акциямыз аяқталмайды, алда жоспарлаған әлі талай қызықты жобаларымыз бар», - деп өз әсерімен бөлісті «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ атқарушы хатшысы Бауыржан Молдабеков.

Шыңды бағындырғандар барлық жоспарланған бағытты еңсерді. Жорық ойдағыдай өтті, дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар