Шымкент зообағындағы аңдар балмұздақ жеп, салқындап жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің хайуанаттар бағындағы аңдарға күн ыстықта балмұздақ беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент зообағындағы аңдар балмұздақ жеп, салқындап жатыр

Шымкенттегі аптап ыстықта зообақтағы аңдар балмұздақ жеп, салқындап жатыр. Әсіресе, аюлар мен маймылдар балмұздақты қатты жақсы көреді. Тіпті, тоймай қалғаны, екеуін жейді.

«Біздің басты мақсатымыз – жануарларға қолайлы жағдай жасау. Жыртқыштар бөліміндегі аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр және түлкілердің өз бассейндері бар. Өздері қалаған уақытта шомыла алады. Ал, «түнгі әлем» және қабылан, пумалардың вольерінде салқындатқыш (кондиционер) орнатылған. Тұяқтылар бөліміндегі жануарлардың вольерлерін күніне 2 рет судың көмегімен салқындатамыз. Жануарлардың суларын күніне 3-4 рет ауыстырып отырамыз. Сондай-ақ, жазғы маусымда жануарларға балмұздақтар, қауын, қарбыз, әңгелек беріледі», - дейді зообақ әдіскері Ұлжан Жұмантайқызы.


Айта кетейік, бүгінде Шымкенттегі хайуанаттар бағында 3 мыңға жуық аң бар.