Шымкенте газ қымбаттады

ШЫМКЕНТ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында газ қымбаттады. Көгілдір отынның бағасы 1 қазаннан бастап заңды және жеке тұлғалар үшін бірден 17 пайызға көтерілді.
None
None

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өндірістік филиалының бас инженері Серікхан Байзақовтың журналистерге айтуынша, соңғы рет тариф 2010 жылы көтерілген. Газ компаниясында қаражаттардың тозығы кеткен газ құбырларын ауыстыруға жұмсалатынын айтады. Енді газдың бір текше метріне Шымкент тұрғындары 23 теңге төлейтін болады.

Атап өтейік, бұған дейін монополияға қарсы ведомствоның өкілдері ОҚО-да газ бен жарық тарифтері жоғарылардың қатарында екенін мәлемдеген еді.

Соңғы жаңалықтар