Шымкентnе қант диабетінің алдын алуға бағытталған айлық шара басталды

ШЫМКЕНТ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте қант диабетінің алдын алуға бағытталған айлық шара басталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Бұл айлық шара Шымкент қаласының теміржол вокзалында эндокринологтар өткізген акциядан басталды. Кез келген адам қанындағы қант құрамын анықтап, дәрігерлердің кеңесін алуға мүмкіндігі болды. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне қарағанда, қант диабетінен 27 мың адам жапа шегеді. Олардың санатында 105 бала бар.

Айлық шара аясында облыстық эндокринологиялық диспансер қызметкерлері ем қабылдап жатқан 20 бүлдіршін үшін концерт ұйымдастырды. Концертке әртістер мен сайқымазақтар қатысты.

Соңғы жаңалықтар