Шымкентте 1916 жылы ұлт азаттық көтеріліс құрбандарын еске алу кеші өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл - 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерліске 100 жыл. Осыған орай Шымкентте қанды қырғынның құрбандарын еске алу кеші өтті.
None
None

Тарихшылардың айтуынша, көтеріліс кезінде өңірде қаза тапқандардың саны он мыңнан асып жығылған. Олардың басым бөлігі өрімдей жастар. Дәл осы жылдың 25 маусымында ақ патшаның Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жастағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы жарлығы шыққан болатын. Бұл жарлық халықтың шыдамын тауысып, көтерілуіне түрткі болды. Бірақ, бұл көтерілістің нақты шығуына қара жұмыс себеп болған жоқ. Оңтүстіктің зерттеушілері осылай деп есептейді. Өйткені жердің дауы бір ғасыр бұрын басталған екен. Үкімет өз билігін пайдаланып, шұрайлы жерлерді өзгелерге беріп отырған. Қазақтардан тартып алынған жер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлері мен Ресейден, Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман тартып алынған жердің көлемі 45 млн ондыққа жетті. Яғни, қазақтың қанымен алынған жерлердің 12 пайыздан астамы өзгелердің меншігіне өтіп кеткен. Жері үшін, елі үшін күрескен әрбір азаматты сол кезде өлім жазасы күтіп тұрды. Бұл көтеріліс бүкіл қазақ даласын шарпыды. Әр аймақта бас қосқан алаштың азаматтары қолдағы жоққа қарамастан патша үкіметінің қарулы әскеріне қарсы соңына дейін шабуыл жасады. Өңірдің зертеушілердің сөзінше, Оңтүстікте де ұлт-азаттық көтеріліске шыққандардың саны он мыңнан асады. Бірақ, бостандық таңын аңсағандарды билік басындағылар өлім жазасына кесіп, барлық туысқандарының алдында дарға асқан екен.

Соңғы жаңалықтар