Шымкентте 2,5 мың га аумаққа көшеттер отырғызылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 2,5 мың га аумаққа көшеттер отырғызылады.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, көшеттерді отырғызу биылғы көктемнен басталады. Бір жыл бұрын 2,5 мың га жерге ағаш отырғызылған.   

Бұл бастама Шымкентте 2009 жылы басталған. Онда мың  гектарға 398 437 көшет отырғызылған. Сөйтіп, бұл іске шамамен 150 млн. теңге жұмсалған екен. 2010 жылы  қарағаш, үйеңкі, өрік,  жиде ағаштарының  680 мың көшеті отырғызылған.  Мамандардың айтуынша, жас ағаштардың 80% өсіп келеді. Шымкент «жасыл белдеуінің» аумағын 26 мың гектарға жеткізу межеленген. 

Соңғы жаңалықтар