Шымкентте 22 адамды кене шақты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жыл басынан бері 22 адамды кене шағып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: pinterest.com

Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанушылық жағдайы тіркелмеген.

Ал, кене шағып, медициналық көмекке жүгінген 22 адамның жағдайы жақсы. Баршасы ем қабылдап, дәрігерлерден кеңес алған.

Бүгінде мамандар барлық мал ұстайтын қала тұрғындарын сақтық шараларын жүргізуге шақырып жатыр.

«Кененің жабысқанын тексеру үшін денедегі байқалмайтын жерлерді мұқият қарау қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын немесе оны жоятын арнайы қорғаныс құралдарын қолдану керек. Кене шаққанда немесе кенеге тигенде аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, адам өзін және өз жанұясын қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланған жөн. Барлық мал ұстайтын қала тұрғындары қора-жайларын қоқыстан тазартып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз! Дер кезінде залалсыздандыра отырып кенелерді жою, кене шағу зардабынан және КҚГҚ ауруынан сақтайды», - дейді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.


Соңғы жаңалықтар
Референдум